Қаулы қайта қаралды
Бүгін Қостанай облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Владимир Нечитайло 1 маусымдағы №24 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетінін мәлімдеді. Қаулының толық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз:"Мен, Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері В. С. Нечитайло «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1, 21,148, 150 және 152-баптарына сәйкес, «Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекциямен аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37-БДҚ қаулысына сәйкес (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ № 37-БДП) Қостанай облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қостанай облысы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша шұғыл штабтың шешіміне сәйкес, қалыптасқан эпиджағдайды ескере отырып, 2020 жылдың 15 маусымынан бастап:
1) «мастер-класс» нысанындағы балалардың бос уақытын өткізу орталықтарының, үйірмелердің, балалардың саны 20-дан аспайтын оқыту факультативтерінің санитариялық-эпидемиологиялық режимді күшейте отырып, 3 сағаттан аспайтын уақытта жұмыс істеуіне рұқсат етіледі;
2) Қостанай облысының Жітіқара ауданында шектеу іс-шаралары Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 01 маусымдағы № 24 қаулысымен ескерілген көлемде жүргізілсін.
2. «Қостанай облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруларының таралуының алдын алу жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 01 маусымдағы № 24 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2 тармақты төмендегі мазмұнда 9), 10) тармақшалаырмен толықтыру:
«9) «мастер-класс» нысанындағы балалардың бос уақытын өткізу орталықтарының, үйірмелердің, балалардың саны 20-дан аспайтын оқыту факультативтердің санитариялық-эпидемиологиялық режимді күшейте отырып, 3 сағаттан аспайтын уақытта жұмыс істеуіне рұқсат етіледі;
10) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), басқа кеңселердің қызметін БМСДҚ № 37-БДҚ-ның 23-қосымшасына сәйкес әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып қамтамасыз ету. Дегенмен қызметкерлердің кемінде 80% – ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалады (штат кестесі бойынша 30-дан астам қызметкер болғанда).».
3. Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 15.04.2020 жылғы № 10, 28.05.2020 жылғы № 22 қаулылары күші жойылды деп есептелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді".