Әр балаға 5 175 теңгеден төленеді
Биылдан бастап әлеуметтік топтаманың орнына әр балаға 5 175 теңгеден төленеді.
1 қаңтардан бастап қолданысқа енген атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына көрсетілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау ата-аналарға балалардың жеке қажеттілігіне қарай керекті тауарларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алушылардың өтінішін ескере келе 2023 жылдан бастап кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау туралы шешім қабылданды.
Монетизация АӘК алатын әрбір балаға ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ақша беріледі.
Бұл ата-аналарға балалардың жеке қажеттілігіне қарай қажетті тауарларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.