Айыппұл арқалады
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай қаласы тұрғындарының ұжымдық өтініштері негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша, «Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы» МКК-ның іс-әрекеттерінде жылумен жабдықтау қызметін сапалы көрсету талаптарын сақтамау бөлігінде құқықбұзушылық анықтады.
Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес, жылу желісіне келіп түсетін су температурасының ±3 % – ке дейін ауытқуына жол беріледі, алайда, кәсіпорынның жылу энергиясын беру ауытқуы 10% дейін құрады, бұл тұтынушылардың пәтерлердегі ауаның төмен температурасына және ыстық сумен жабдықтау жүйесіндегі температураның жеткіліксіз болуына әкелді.
Осыған байланысты, осы табиғи монополия субъектісіне қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Алайда, жоғарыда көрсетілген тұлғаның өтініші келіп түсуіне байланысты, әкімшілік іс Қостанай қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотына қарауға берілді.
Аталған істі сотта қарау нәтижесінде, «Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы» МКК-не 2 969 120 теңге көлемінде айыппұл салынып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.