Дін мәселесіне тиянақтылық қажет
![Изображение 2 018](https://old.kostanaytany.kz/wp-content/uploads/2014/11/izobrazhenie-2-018-300x200.jpg)
Облыстық дін істері басқармасының басшысы Н.Нөгербеков ақпараттық-насихат тобының жыл басынан бергі атқарған жұмысына тоқталды:
-Қостанай облысында 112 діни бірлестік тіркеліп, жұмыс істеуде. Өткен жылдан бастап экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған арнайы мемлекеттік бағдарлама бекітілгені белгілі. Ағымдағы жылдың ақпан айында Марал ишан мешітімен арада меморандумға қол қойылды. Облыстағы имамдармен бірлесіп, бірқатар іс-шаралар өтті. Мұның бәрі түптеп келгенде халықтың діни сауаттын көтеру болып
табылады. Осы күнге дейін ақпараттық-насихат тобының мүшелері өңіріміздегі барлық аудан, қалаларды аралап, бірнеше жоғары және орта арнаулы оқу орындарында кеңейтілген кездесулер өткізді.
![Изображение 2 005](https://old.kostanaytany.kz/wp-content/uploads/2014/11/izobrazhenie-2-005-300x200.jpg)
Қарапайым халыққа еліміздегі діни ағымдардың ақ-қарасын ажыратып, ара-жігін айқындап беретін дін ұстаздарына арналып, АНТ ұйымдастыруымен осы кезге дейін семинар-кеңестер ұйымдастырылды. Сонымен қатар дініміздің біртұтастығына сызат түсіруге талпынған өзге ағымдар туралы түсіндірме берілді.
Сондай-ақ, алдағы уақытта АНТ мүшелерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болу керектігі баса айтылды. Қорытынды мәжілісте мамандар қарапайым халықтың жат ағымдар жайлы сауатын ашып, санасын оятудағы БАҚ-тың орнын ерекше атап өтті.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ