“Бізге де баспана бақыты бұйырды…”

HAP_0000Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы стратегиялық саясаты Жітіқара жерінде де кеңінен орындалуда. Әсіресе, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында әлеуметтік салада қызмет істеп жатқан жас отбасыларға әкімдіктің есебінен жалға бірнеше пәтер берілді. Солардың бірі – Данияр Әлімбаевтың отбасы. Қосағы Самал Оспан екеуі 2007 жылы шаңырақ құрып, Торғай жерінен Жітіқараға қоныс аударыпты. Қазір екеуі де №2 қазақ орта мектебінің мұғалімі.

– Бұл пәтерді 2012 жылдың аяғында облыс әкімі Нұралы Садуақасов ауданымызға іс-сапармен келген уақытында әкімдікке арнайы тапсырма беріп, былтырғы жылдың басында алған едік. Бұған мектебіміздің директоры Сара Байменованың да тікелей септігі тиді. Отбасымыздың атынан осы кісілерге айтар алғысымыз шексіз. Бізге де баспана бақыты бұйырды, – дейді отағасы Данияр Әлімбаев.

Бұлан және Аягөз есімді ұл-қызын тәрбиелеп отырған отанасы Самал да Елбасының саясаты арқасында аудандағы көптеген отбасының пәтерлі болғанын тиек етіп, әкімдіктің атқарып отырған игілікті істеріне ризашылығын жеткізді.

– Сіздердің – “Қостанай таңы” газетінің шаңырағымызға құтты болсын айтып, арнайы келіп  жатқандарыңызға көңіліміз жылып қалды. Ес біле бастағанымыздан сүйсіне оқитын басылымның бүгінгі беталысына, қазіргі заманға сай безендірілумен шығып жатқанына мектептегі ұстаздар қауымы да дән риза. Газет келген күннен бастап отбасымызбен жарыса оқып, пікір таластырамыз, – деп  Самал Оспан жүрек жарды лебізін білдірді.

Нұрболат

         Мешітбаев

СУРЕТТЕ: Әлімбаевтар отбасы.

Суретті түсірген автор.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓