Өрт өмір жалмады
Қостанай облысында саяжайлық үйден өрт шығып, бірнеше адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 6 маусым күні сағат 02:00 шамасында Лисаков қаласындағы «Урожайная-2» саяжай бақшасында болған. Хабарлама жергілікті өрт сөндіру бөліміне түскен.
«Құтқарушылар оқиға орнына келгенде саяжай үйі толығымен жанып жатты. Өрт 35 шаршы метр аумақты шарпыды. Жалын сағат 03:34-те сөндірілді. Үй ішінен жанып кеткен 3 адамның денесі табылды», – делінген ТЖД хабарламасында.
Өрттің нақты себептерін анықтау үшін сот сараптамасы белгіленді. Оқиға орнында Лисаков қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.