Әке болғысы келмейді…
Қостанайда сал дертімен ауыратын баланың әкесі ата-аналық құқықтан айыруға өзі келісім берді. Бұл туралы қалалық прокуратура қызметшісі айтты, деп хабарлайды alau.kz.
Бұл істі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сот қараған.
"Азаматты әкелік құқықтан айыру туралы өтінішті баланың анасы жазды. "Бұндай қадамға кім бармай жатыр?" деп таңырқамай-ақ қоюға болатындай. Дей тұрғанмен, бұл жағдайда азаматтың өзі әкелік құқықтан айырылуға қарсылық білдірмеді. Олардың 12 жастағы ұл балалары туғалы кемтар, оған БЦС (балалар целебриалды салы) диагнозы қойылған", – делінген хабарламада.
Әке баласымен 2006 жылдан бері бірде-бір рет көріспеген. Материалдық көмек те көрсетпепті. Алимент бойынша берешегі 1 млн теңгеге жеткен. Сөйте тұра, ол сот отырысына келіп қатысуға қарсылық білдірмеді. Зайыбының арызын қанағаттандыруды сұрап, әкелік құқықтан бас тартатынын жазбаша түрде білдірді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.