Болашақта қандай мамандықтар сұраныста болмақ?

 Заман күн сайын дамып, технология қарыштауда. Сәйкесінше, адамдардың қалауы мен таңдауы, өмір сүру салты да жаңа заманның ағынымен бірге жүзіп келеді. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлер біздің айырылмастай досымыз. Көпшілігіміз таңнан кешке дейін желіге желімдей жабысып алып отыратынымыз өте өкінішті-ақ. Дей тұрғанмен, қолындағы смортфоны арқылы уақытын босқа жұмсамай, керісінше, жаңа кәсіп көзін тауып, бизнесін айналдырып жатқан жандар қаншама. Алдағы 5 жылдықта сұранысқа ие болатын мамандықтардың көбі интернет пен телефонға тікелей байланысты болмақ. Нарықтағы ең қажетті мамандықтарды зерттеп көрдік. Алдағы 5 жылдықта мына мамандықтарға деген сұраныс артатын болады:968fc8ac-c176-40e0-9450-efbe6e4ab780
 
Интернет маркетолог
Біз күніміздің көп бөлігін интернетте жаңалықтарды оқып, инстаграм лентасын жаңартып немесе жедел хабар алмасу үшін мессенджерлерге жұмсаймыз. Кәсіпорындар тұтынушыларға өнімі жайлы ақпаратты, жарнаманы жаңа байланыс арналары арқылы қайта құрып, жеткізуге мәжбүр. Ол үшін әр бизнеске интернет маркетолог қажет. Маркетолог – компания стратегі, нарықты зерттеуші. Олардың негізгі міндеті мен мақсаты – әр алуан игіліктерді өндіруге және өндірушілер мен тұтынушылардың қызығушылығын қамтамасыз етуге бағытталған жүйені басқару. Интернеттегі жарнаманың әр алуан түрлерін жақсы білетін, сатылымды қалай құруды, процестерді автоматтандыруды және клиентпен онлайн байланыс орната алатын адам әрдайым сұранысқа ие болады!302dab14-e5b3-41f6-96ad-30cee1eb4da0
 
Веб-құрастырушы​
Интернет дүкен, тұтынушыларға қызмет түрлерін ұсынатын компаниялар жарнаманы бермес бұрын, алдымен сатып алушы басқара алатын тапсырыс беру платформасын дайындау керек. Көп жағдайда бұндай платформалар веб-сайт болып саналады. Ондай сайттарды веб-құрастырушы жасайды.  Бұл сала – шығармашылық және техникалық дағдылардың қосындысы. Сіз тек интерфейстерді өңдеумен, техникалық компонентті бағдарламалаумен немесе сайттарды құрумен айналысасыз. ХХІ ғасырда әрбір бизнеске веб-сайт қажет болады, сондықтан бұл мамандықты меңгерсеңіз, жұмыс міндетті түрде табылады.
 
Бағдарламалаушы (программист)
Заманның дамуымен бірге бұл мамандыққа да сұраныс күн сайын артуда. XXI ғасыр – техника мен технология дәуірі. Қазіргі уақытта адамдар үшін көптеген қосымшалар, бағдарламалар дайындап жатыр. Компьютер тілін білу, оның алгоритімін түсіну адам үшін көп мүмкіндіктерді ашады. Алдағы 10 жылда iOS пен Android үшін мобильді қосымшаларды жасаушыларға үлкен сұраныс туады, бұл 2025 жылға қарай ең көп сұранысқа ие мамандықтардың бірі болмақ. Бұл мамандықты игеріп, сіз IT компаниялар мен веб-студияларда, ғылыми-зерттеу орталықтарында, мектептер мен ЖОО-да, жеке бағдарламашыны қажет ететін компанияларда жұмыс істеу мүмкіндігіне ие боласыз. Бұл мамандыққа деген сұраныс артпаса, еш жоғалмайтыны анық. 48429ee1-87a0-44fd-9fac-fa1d6375e5b5
 
SMM менеджерлер
SMM маманы – заман ағымына қарай пайда болған жаңа кәсіп түрі. Ағылшын тіліндегі Social Media Marketing, яғни "әлеуметтік медиа маркететинг" деген сөз. Аты айтып тұрғандай, Instagram, Facebook, YouТube сынды әлеуметтік желілерде қызмет атқаратын маман. Олар әлеуметтік желідегі аудиторияға анализ жүргізіп, оларды зерттеумен, өтімді мәтін жазумен, парақшаның дизайнын жасап, оны әрі қарай дамытады. Қазіргі уақытта шағын бизнес өкілдерінің қызмет түрлері әлеуметтік желілермен тікелей байланыста. Олар тауарларын Инстагарам қосымшасы арқылы өткізе алады. Ал, визажисттер, салон қызметкерлері, репетиторлар, стилистер, массажистер, торт пісірумен айналысатындар және т.б. көптеген салада қызмет атқарушылар өздерінің қызмет түрлерін осы әлеуметтік желі арқылы жарнамалайды. Әлеуметтік желілердің қайнап жатқан уақытында бұл мамандыққа деген сұраныс одан сайын арта түсетіні белгілі.
         Құрметті оқырман, біз сіздерге нарықтағы сұранысы үлкен салаларды ұсына кеттік. Бірақ бір нәрсені естен шығармаңыз: ең бастысы, өзіңіздің жүрегіңіз қалаған мамандықты таңдаңыз!
 
Назерке Жанболатқызы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓