Үздік спортшылар марапатталды
Қостанайда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыс орталығының 25 үздік спортшысын марапаттау шарасы өтті. Іс-шара №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қабырғасында болды, сондай-ақ бұл оқиғамен қатар, тағы бір шара – мектептің ең кіші оқушыларын спортшылар қатарына қабылдау өтті.
Қостанай облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Евгения Вильямстің айтуынша, жас спортшылар бүгін марапатталып жатқан аға-апаларынан үлгі алулары керек. «Олар халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап, Қазақстан туын көкке көтерді!» – деп атап өтті Е. Вильямс. Қостанай облысы әкімінің мақтау грамоталарын, естелік кәдесыйлар мен жүлделерді тек спортшылар ғана емес, сондай-ақ олардың ұстаздары, яғни облыстық гандбол командасының бас бапкері Александр Третьяков алды. Мүгедектер арасындағы жеңіл атлетикадан ҚР спорт шебері, Бүкіләлемдік ойындар чемпионы Павел Сидорчук, сондай-ақ халықаралық дәрежедегі спорт шебері, шорт-тректен ҚР-ның 10 реттік абсолюттік чемпионы Николай Федоренко, бокстан ҚР чемпионы Антон Пинчук және тағы басқа спорт шеберлері марапатталды.

Қазақпарат