Оқшау ой

Биылғы 20-наурызда өткен мәжіліс депутаттары мен партия сайлауы есте қалар оқиғалардың бірі болды. Себебі таңғы 7-де университет алдына барып, бірінші болып сайлау пунктінің табалдырығын аттап, өзімнің азаматтық борышым ретінде еліме аз да болса септігімді тигізу үшін дауыс бердім. 416e60ae-a64f-4979-a7f9-34e36d880cb2Қолыма 3 бюллетень берді. Партияға, облыс депутатына, қала депутатына дауыс беру үшін. Дауыс беру бөлмешесіне кірсем, сайланушы тұлғаларды мүлде танымайды екенмін. Тек партиялар ел аузында жүрген соң есімде қалыпты. Оларды танымауымның бір себебі саяси білімсіздігім болса, екіншісі – үгіт-насихат жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі.
Оған бірінші кінәлі – өзімнің қызықпағандығым, екіншіден, үміткерлердің қызықтыра алмағандығы. Содан, сол жерде сайланушылардың өмірбаянымен танысу арқылы ғана атқарған қызметіне байланысты өз дауысымды бердім. Бұлай істеген мен ғана емес. Сол жерде болған студенттердің кем дегенде 85-90%-ы. Олардың аузынан шыққан сөз осы болды. 
"Мемлекет болашағы – жастар" дегенімізбен, саясаттан бейхабар студент бозбала мен бойжеткендер ел болашағына айтарлықтай үлес қоса алатыны күмәнді. Үкіметке айтарым: "Неге еліміздің ертеңі болатын жас ұрпақты, енді қалыптасып келе жатқан азаматтардың саяси сауатын ашпасқа?". Аталмыш сайлауда "тисе – терекке, тимесе – бұтаққа" дегендер де табылып жатты. Мұның бәрі ақиқат.
Менің бір қынжылғаным, халықтың білімін тексермей жатып, жоғарыдағылардың сол азаматтарға сайлау құқығын бергендігі болып отыр. "Еліміздің ертеңі – жастар", "демократияны дамытайық" деп, бос айқайлап, жар сала бергенше, елдің қабілетін анықтап алғанымыз нұр үстіне нұр болар еді. Себебі қазіргі қоғам ақылды, әр нәрседен хабары бар сауатты болуы шарт.

You may also like...

1 Response

  1. Әсем айтты:

    Айтары жоқ, осы сауатсыздық күллі өмірді ақсатып отыр.Кәрі де жас та саяси сауатсыз. Қарапайым халықты айтам. Кандидаттар өздерін жақсылап таныта алмады, насихат аз жүргізілген, шамасы. Оған да қаржы керек. Иә, егер ойдағыдай танытса да сайлау өтер еді. Мәселе барып тұрып кімге дауыс беруіңді білмеу ғой. Жақсы емес.Меніңше, бұл билік басындағылардан кеткен қателік.Адам деген саясаттың, науқанның салмағын білуі керек қой. Бәрі баланың ойыны сияқты бірдеңе. Бұл не деген масқара.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓