Науқастар тізімі 3 адамға ұлғайды

5 маусымдағы мәлімет бойынша, Қостанай облысында коронавирустық инфекцияны тағы 3 адам жұқтырды.  
2 жағдай Жітіқара қаласында тіркелді, нақтысында коронавирустық инфекция 1949 және 1952 жылғы зейнеткерлерден анықталды. Бұл азаматтар аталған індетпен бұрын ауырған адаммен байланыста болған, сондықтан олардан ПТР анализі алынды. 
Үшінші жағдай Қостанай қаласында  2018 жылы туған балада анықталды. Зертханалық зерттеулер оның коронавирусқа шалдыққанын көрсетті. 
Қазіргі таңда пациенттер жұқпалы аурулар стационарына оқшауланды және хаттамаға сай тиісті ем алып жатыр. 
Аурудың ошағында мамандар профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуде, байланысқан адамдар анықталып жатыр.
05 маусымдағы мәліметі бойынша, өңірде коронавирустық инфекцияға 198 адамның шалдыққаны белгілі болды, олардың ішінде 106 адам сауығып шықты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓