Үздіктер марапатталды
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Ол жиналған қауымды құттықтап, үздік қызметкерлерге алғыс хатын табыстады.
-Бүгінгі күні мемлекеттік органдар азаматтық қоғаммен, сарапшылармен және БАҚ өкілдерімен тығыз байланыста. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және алдын алу жұмыстары күшейтілді. Мемлекеттік қызметкерлер жаңаша ойлауға көшті,-дейді өңір басшысы.
Қостанай облысының мемлекеттік қызметінде алты мыңнан астам жұмыс істейді. ҚР Мемлекеттік мекемелердің 20 жылдығын тойлау қарсаңында өткізілген спорттық және интелектуалдық ойындар жеңімпазы марапатталды. Бұл кеште, сондай-ақ, сала ардагерлері мен облыстық БАҚ өкілдері де марапатқа бөленді.
Облыстық "Қостанай таңы" газетінің тілшісі Қасқырбай Қойшыманов "Үздік баспа жарияланымы" номинациясын жеңіп алды.

Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ, Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.