Алғашқы бесжылдықтың қорытындысы
Биыл еліміздегі индустрияландыру науқанының бірінші кезеңі аяқталады. 2010 жылы басталған мемлекеттік ауқымды шара республиканың барлық өңірін қамтыды. Қостанай облысы да осы бағдарламадан шет қалған жоқ – өнеркәсіп көлемі артып, былтыр 530,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Ал жыл басынан бері он ай ішіндегі көрсеткіш 436,7 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл туралы сәрсенбі күні аймақ әкімдігінде болған жиында облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы М.Соқытбаев баяндады.

– Индустрияландыру картасы аясындағы 4 жыл 10 ай аралығында облысымызда жалпы құны 112,1 млрд. теңге болатын 74 жоба жүзеге асып, 4534 тұрақты жұмыс орындары ашылып отыр. Облыс бойынша Қостанай (24 жоба), Рудный (13 жоба) қалалары және Қостанай (6 жоба), Денисов (6 жоба) аудандары көш бастап тұр. Алайда бағдарлама аясында Амангелді, Жангелдин, Науырзым аудандары бірде-бір жоба ұсынбаған. Биыл Индустрияландыру картасына қатысуға аудан-қалалар 78 өтініш білдірді, бұл жағынан Таран, Сарыкөл, Денисов аудандары мен Рудный қаласы белсенді, – деді М.Соқытбаев.

Қыдырбек Қиысханұлы
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков