Азаматтарға еріктілер кеңес беруде

Еріктілер көмекке келді. Олар күн сайын қостанайлық ХҚКО қызметкерлерімен бірлесіп, азаматтарды ақпараттандыруға және оларға кеңес беруге көмектеседі. Еріктілер  қызмет алушыларға ХҚКО-ның жаңа форматын, кезекті қалай брондау керектігін айтып, мобильді азаматтар базасына тіркелуді үйретуде.8c479c43-2b99-419e-b131-b4d8503cb5d1
Қостанай ХҚО-лары жаңа форматта жұмыс істейді. Оған сәйкес ХҚКО-да электронды форматта қолжетімсіз «қағаз жүзіндегі» қызметтер ғана көрсетіліп, egov.kz порталында рәсімделген қызметтердің нәтижелері беріледі. Бұл ретте ХҚО-ға жүгіну үшін алдын ала кезекті брондау қажет. Электрондық форматта қолжетімді қызметтер қалалық ХҚКО-да енді көрсетілмейді. Оларды енді өз бетінше алу керек.6b509499-ab71-4e6b-9202-7d8b9f66120f
"Біз мамыр айындағы жұмысымыздың қорытындысын шығардық. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қостанайлық филиалы өткен айда 41 016 қызмет көрсетті. Егер қызмет алушылардың арасында ең көп сұратылған қызмет туралы айтатын болсақ, онда ЭЦҚ алу (11038), автокөлікке мемлекеттік нөмір алу (6336), жылжымайтын мүлікті тіркеу (4489) және жүргізуші куәлігін алу (3279) қызметтерін атап өтуге болады. Әрине, ХҚКО ашылғаннан кейін көптеген қызмет алушы паспорт пен жеке куәлікті ауыстыру үшін келген (мамыр айында 11 045 құжат берілді)", – деді Қостанай облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" филиалының директор орынбасары Шыңғыс Әшірбеков.8dfca835-fd28-41d9-8728-b4c0fde4485b
  Сонымен бірге, Шыңғыс Әшірбеков қостанайлықтар көптеген атқарылған ақпараттық жұмыстарға қарамастан, ХҚКО-ға келіп, қызметтерді қалай алуға болатындығын, электрондық цифрлық қолтаңбаны қалай алу немесе ХҚКО-ға кезекті қалай брондау керектігін сұрайтынын айтты. Қостанай қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарына еріктілер көмекке келіп, азаматтарға  көшеде кеңес беріп жатыр. Кеңес көрсетуге «Жас Отан» белсенділері мен ГрИн студенттері қатысып жатыр.c966a8d6-c04d-40dd-b708-f00527dfe744
"Біз ХҚО-ның жаңа жұмыс форматымен таныстық. Қостанайлықтар 1414 нөмірі бойынша кеңес ала алатынына қарамастан, ХҚКО-ға тікелей келетінін естідік. Осыған байланысты біз өз тарапымыздан көмек көрсету туралы шешім қабылдадық. Біз арнайы оқытудан өттік. Жеке сұрақтар мен проблемаларды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету алгоритмдерін білдік. Енді біздің волонтерлер азаматтарға кеңес беруде (оларды арнайы бейдж бойынша тануға болады). Біздің еріктілер тобындағы жастар әмбебап. Біз оларға түрлі қызмет түрлерін ұсынамыз, олар өздері қайсысына атсалысатынын таңдайды. Болашақта мемлекеттік қызметте жұмыс істеуді қалайтын, заң немесе экономикалық білімі бар жастар  «Азаматтарға арналған үкімет» жұмысына көмектесіп жатыр, сондай-ак,  қоғамдық бақылауға қатысатын және процестің қалай жүретінін білгісі келетіндер де бар. Еріктілер жұмысы оларға мемлекеттік қызмет көрсету саласын түсінуге көмегін тигізеді», – дейді Қостанай облысындағы Азаматтық Альянстың төрайымы Динара Өтебаева.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓