Фотобайқау жарияланды

«QazaqGeography» бірлестігі "Менің Қазақстаным" атты дәстүрлі фотобайқау жариялады. Байқаудың тақырыбы – табиғаттың тамаша көріністері.697f827f9eecb14c7cbdf7468585c32e_resize_w_830_h_465Қатысушыларға қойылатын міндетті шарт – барлық сурет Қазақстанда түсірілген болуы тиіс. Әр үміткер төмендегі талаптар бойынша 10-ға дейін фотосурет жолдай алады:
1.Қазақстанның флорасы мен фаунасы;
2.Қазақстанның табиғаты.
3.Қазақстанның экологиясы мен қоршаған ортасы.
Фотоматериалдарды 2020 жылдың 30 тамызына дейін www.qazaqgeography.kz сайтында, фотобайқау бөліміне орналастыруға болады.
Ал байқауға қатысу үшін qazaqgeography.kz сайтына тіркеліп, қоғамдастық мүшелері қатарына қосылу қажет. Мүше атану QazaqGeography шараларының белсенді де эксклюзивті қатысушысына айналуға мүмкіндік береді. Жыл сайынғы мүшелік жарнасы ересек адамдарға 2000 теңге, оқушыларға 500 теңге, студенттер мен зейнеткерлерге тегін.
Үздік фотолар Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің экология және жасылдандыру шеңберіндегі аймақаралық әріптестігі халықаралық форумы аясында көрмеге қойылады.
Байқау жеңімпаздары бірлестік сайтында, әлеуметтік желілерде жарияланып, электронды почта арқылы хабарланады. Толығырақ  qazaqgeography.kz сайтынан ақпарат ала аласыз.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓