БЛОК-БЕКЕТТЕР АЛЫНАДЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша бүкіл ел бойынша блок-бекеттер алынып тасталады. Полицияда барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, облыс бойынша және одан тыс жерлерде еркін қозғалуға рұқсат етілгендігі нақтыланды. Қалааралық жолаушылар көлігі қозғалысы ашылады. Тек төрт блокпоста жұмыс істеу жалғасады. Оның ішінде екеуі шекарада – Ресей Федерациясымен арадағы және Жітіқара қаласында. Төтенше жағдай режимі және карантин кезінде облыс бойынша 53 бекет жұмыс істеді. Оның 26-сы блок бекет, 27-сі 27 мобильдік пост. Күн сайын 265 полицей мен 100-ден астам медицина қызметкерлері жұмылдырылды.Тәртіп сақшылары алғаш рет шұғыл жағдайда жұмыс істесе де, тиімділігін дәлелдеді. Қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейту үшін өңірде патруль саны мен полиция және Ұлттық ұлан қызметі тартылып, көшелер, саябақтар, скверлер, тұрғын үй алаптары, сауда нысандары барынша қамтылды. Өзін-өзі оқшаулау және шектеу тәртібі кезеңінде қабылданған шаралардың арқасында ел бойынша қылмыс 26% – ке, облыста 39,4% – ке төмендеді. Көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыс 40% – ке кеміді. Қарақшылық шабуылдардың, тонаудың саны 64,7% – ке азайды. Тәулік бойы жұмыс істеу тәртібі, бірқатар далалық жағдайлар, үй мен отбасынан алшақтық, үлкен психологиялық және физикалық жүктемелер тудырды. Бірақ, полицейлер 78 күн бойы ел басшылығы қойған міндеттерді орындап шықты.