Жаңа тағайындау
Қостанай облысының полиция департаменті бастығының бұйрығымен полиция подполковнигі Ерлан Мусин Қамысты ауданының полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды.Полиция бөлімінің жеке құрамына Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев таныстырды.
Мусин Ерлан Шортанбайұлы 1980 жылы 5 тамызда Қостанай облысы Жітіқара қаласында дүниеге келген. ҚР ІІМ Қостанай заң институтын, 2010 жылы ҚР ІІМ Академиясының адъюнктурасын бітірген.
Ішкі істер органдарында 1998 жылдан бастап. Әр жылдары Қостанай облысы полиция департаментінің әртүрлі бөлімшелерінде жұмыс істеді. Соңғы атқарған лауазымы Қостанай облысы полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы. 2020 жылдың наурыз айынан бастап ағымдағы жылдың 20 мамырына дейін Қамысты ауданының полиция бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы. Үйленген. Жанұялы, төрт баласы бар.