4 пәтерлі үй күлге айналды
Қостанай облысы биыл өрт оқиғаларының жиілігі жөнінен ел бойынша "төрттік" тізіміне кірді. Бұл туралы сала министрлігінде өткен жиында мәлімделген еді. Қыстың көзі қырауда тағы бір төтенше жағдай тіркелді. Бұл жолғы жапа шегушілер – ұзынкөлдіктер.
11 қарашада түнгі 22.40-та Ұзынкөл аулының байланыс пультіне Ершов ауылындағы Целинный көшесінде тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы дабыл келіп түседі. Дереу оқиға орнына құтқару күші жеткенімен, өртті ауыздықтау оңайға тимеген. Өйткені, 75 шаршы метрлік төрт пәтерлі тұрғын үй тілсіз жау құрсауында тұтасымен қалған. Бұл үйде 3 отбасы өмір сүріп жатқан. Алапат өртпен күресу үшін жарты сағаттан соң тағы бір өрт сөндіру тобы жұмылдырылды. Өртті тұншықтыру 03.20-да ғана мүмкін болды. Енді оның шығу себебі мен материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.
Жапа шегушілер туыстары мен көршілеріне уақытша күнелту үшін орналастырылды.