Үздіктер үкіленген күн

Тәржіме байқауына қатысушыларға «Үздік дәйекті аударма», кезең «Үздік дәйекті аудармашы», «Көркем жазу», және «Жаңа терминдер әлемі» атты төрт бөлім бойынша тапсырма берілген екен. Байқау кезеңдері жазбаша аудармаға да, ауызша аудармаға да арналған тапсырмаларды қамтиды.
Айталық, байқаудың бөлімдерінде Қазақстан мен оның көрікті орындары, әсем қалалар мен әдемі ғимараттар жайында тапсырмалар берілген. Қатысушылар викторина түріндегі тапсырмаларды, кирилл қарпінен латынға аударып жазу, тіпті, кейінгі уақыттың жаңа сөздіктеріне дейін бес саусағындай білу керек.
Қаланың түрлі мекемелерінен іріктелген жүйріктердің арасынан Тілеген Қойшығұлов жеңімпаз атанды. Ажар Балтабаева екінші орынға тұрақтаса, Әсель Байғазина үздік үштікті түйіндеді.

«Мәңгілік елді жырлаймын» ақындар жарысына қатысушыларға үш кезең бойынша тапсырмалар берілді. Оларға қойлатын талап та қатаң – ұсынылған шығармалар тақырыбының мүшайра шартына сәйкестігіне, шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына, туындының көркемдік сапасына, автордың сөз саптау мәнері, стильдік ерекшелігіне назар аударылады.
«Тобыл толқыны» аталатын бірінші кезеңде қатысушылар «Дала шамшырағына» айналған ұлы ұстаз Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арнап шығарған өлеңін жатқа мәнерлеп оқиды. «Сөзге шебер ақын» бөлімінде үміткерлер таңдаған тақырыптары бойынша берілген уақыт ішінде екі шумақ өлең шығару керек. Уақыт аяқталғанда қатысушылар өлеңдері оқып беруі тиіс. «Көркем сөз оқу шебері» айналымында ақындар белгілі жазушылардың шығармаларынан үзінді оқиды
Сонымен «Мәңгілік елді жырлаймын» ақындар арасындағы қалалық жыр мүшәйрасында Жауынбай Жылқыбайұлы жеңімпаз танылды. Екінші орынды Нұрсұлтан Қасым иеленсе, Алмас Тобылов үшінші орынға табан тіреді.
