Екі мың тұрғынның өтемақысы төленді

Мемлекет басшысының пәрменімен сәуір айында карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден төленетіндігі хабарланған еді. Біздің облыста бұл санатқа жатқызылған адамдардың саны отыз мыңнан асып кетті.
 Ал әзірге мақұлданған  өтінімдердің саны 16 мыңнан асып кеткенімен өңірдің екі мың  тұрғыны ғана төтенше жағдай кезінде коммуналдық төлемдерді мемлекет есебінен өтеуге мүмкіндік алды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілдерінің айтуынша, тиісті ақша айдың бірінші онкүндігінде өтуі тиіс-тұғын. Дербес шоттарға ақша жақында ғана түсе бастады.
-Қазір тек ақша аударумен шұғылданып жатырмыз. Бүгінгі күні коммуналдық төлемдерге 22 миллион теңге қаражат жұмсалды.  Жұмыс енді басталды,- деді облыс әкімдігі энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Дәурен Асқаров.
22 миллион теңге әзірге 2 мың адамға ғана тиесілі сома.  Алайда,  энергетика және ТКШ басқармасындағылар мамыр айының соңына дейін мақұлданған барлық өтінімдер бойынша қаражат түседі деп уәде етті. Олардың жалпы саны 16 065 адам. Жалпы, біздің облыста ақшаны айдың алғашқы онкүндігінде аудару жоспарланған. Бірақ, қаражат республикалық бюджеттен белгіленген мерзімнен кешігіп түсті. Дәл осы жағдай төлемнің кешеуілдеуіне басты себеп болды.  Ал өтініштерді қарауда мәселер туындап жатыр. 
-Мәселен, кейбір өтінімдер қайталанатын жағдайлар кездесіп жатыр. Тіпті, бес  өтінімнің мәтіні бір. Яғни, бір мекенжайдан, бір адамнан бірден бес өтініш келіп түскен. Мүмкін, әртүрлі телефоннан қоңырау шалған болар. Әлде басқа себебі бар ма?  Сондықтан, өтінімдерді қарау ұзаққа созылып кетіп жатыр,- дейді басқарма басшысы.
Осылайша  15 мың өтінішке жауап берілген жоқ.  Бұлардың сан күн сайын өсіп барады. Негізі, сәуір айындағыдай емес, қазір өтінім берушілер қатары саябырсыған.  Ол кезде Call-орталықтарға халықтың әлжуаз топтарына арналған  акция  арқылы күн сайын мыңдаған  қоңырау түсетін. Қазір мұндай өтінімдер саны  күніне 300-ден аспайды. Алайда, басқарма өкілдері, маусым айының аяғына дейін өтініштер қабылдай беретіндігін айтады. 
-Кім де кім мамыр айында белгілі бір себептерге байланысты өтініш бере алмаса,  маусым айында үлгереді. Оларға да ережеге сәйкес сәуір-мамыр айлары үшін өтемақы төленеді.  Маусым айына қалдығы есептеледі.  Айталық, үй иесіне тұтынған коммуналдық қызмет үшін түбіртек бойынша 14 мың немесе 13 мың шықты делік,  Екі айда 2 мыңнан  4 мың теңге   келесі айға қалады, – деді Д.Асқаров.
Естеріңізге сала кетейік, экранда көрсетілген жетінші  санаттағы тұрғындар ғана коммуналдық төлемдерді өтеуге өтініш бере алады. Төлем жасалатын пәтер немесе үй олардың атында болуы тиіс. Бірақ, өтініш білдірушінің өзінде де, оның отбасы мүшелерінде де болуы жеке есепшоттар болуы мүмкін. ТКШ басқармасы басшысының айтуынша, қандай жағдай туындамасын  мемлекет тұрғындардың  қарызын өтеп беруге дайын.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓