Мемлекеттік сатып алуға қатысқыңыз келсе…
Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін баспаналар тұрғын үй қорының қайталама нарығынан сатып алынады. Бұл туралы Қостанай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
22 мамырда мемлекеттік сатып алудың WEB-порталында (goszakup.gov.kz) «Техникалық сипаттізімге сәйкес 3 бөлмелі пәтерлерді сатып алу» туралы хабарландыру (хабарландыру нөмірі 4353845-1) жарияланды.
Тұрғын үйді сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін WEB-порталға (goszakup.gov.kz) тіркелу шарт. Ол үшін ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңбаны ХҚКО-да алуға болады) алу қажет. Өтінім беру үшін талап етілетін сатып алу түрін табу қажет. (Хабарландыру нөмірі 4353845-1).
Мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін талап етілетін құжаттар:
– Жеке тұлғаның жеке куәлігінің электрондық көшірмесі;
– Тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттардың, соның ішінде техникалық төлқұжаттың электрондық көшірмесі;
– Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланған күннен бұрын берілген тұрғын үйге ауыртпалықтың болмауы туралы құжаттың көшірмесі;
– Бағалау ісі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілген жылжымайтын мүлік объектісін (тұрғын үй) бағалау туралы есептің көшірмесі;
– Техникалық спецификация;
– Жұбайының нотариалды куәландырылған келісімінің электрондық көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған некеде тұрмағандығы (зайыптылық) туралы анықтама көшірмесі немесе ажырасу туралы куәлігінің немесе жесірлікті растайтын анықтаманың электрондық нұсқадағы көшірмесі.
Келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында, Сіздерден сатып алынған пәтердің жағдайына қатысты Талаптардан тұратын техникалық сипаттізім мәтінімен мұқият танысуыңызды сұраймыз.
Белгіленген байқау құжаттамасының талаптарына сәйкес болмаған жағдайда әлеуетті жеткізушінің өтінімдері қабылданбайды.
Өтінімдерді кезең-кезеңмен беру үшін: Жеткізуші нұсқаулығы (http:// portal.goszakup.gov.kz/portal/uploads/v3/doc_sup_rus.pdf)
WEB-порталға тіркелу мәселесіне қатысты ақпарат алу үшін мына нөмірге хабарласуға болады: 1437, 8-800-080-34-37 (ҚР бойынша тегін)