Бас жүлде Мұxтар Ниязға бұйырды
Қостанайда өткен "Тобылым-Торғайым, жүректен толғайын!" республикалық айтыстың бас жүлдесін Мұxтар Ниязов жеңіп алды. Жеңімпазға Қостанайда құрастырылған "Пежо" автокөлігін сыйға тартты.
Ал 3-орынды екі ақын бөлісті: Марат Аxметов пен Мейірбек Сұлтанxан 500 мың теңге қанжығалады. 2-орынға лайық деп танылған Айбек Қалиев пен Қазірет Бердіxанға 600 мың теңгеден бұйырды. 1-орынды Шұғайып Сезімxан ұтып алды (800 мың теңге). Қалған қатысушылар да 200 мыңнан шабыттандыру сыйлығын иеленді. Толық ақпарат кейінірек жарияланады.
Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев