Комиссия құрамына өзгерістер енеді
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес (бұдан әрі – Сайлау туралы конституциялық заң) Қостанай облыстық мәслихаты шығып қалғандардың орнына Қостанай облыстық сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы хабарлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2020 жылғы 25 мамырдан бастап 8 маусымға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) сайлау комиссияларының құрамына белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматтағы кандидатуралар туралы мәліметтер (1 қосымша);
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініштері (2 қосымша);
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз түрінде ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен расталуы және күні, орындаушы туралы белгі, оның тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2020 жылғы 25 мамырдан бастап 8 маусым аралығында дүйсенбіден жұманы қоса алғанға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, жүзеге асырылатын болады.
Қостанай облыстық мәслихаты
Ещанов Сайлаубек Ерғазыұлы – Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы. Мәслихаттың орналасқан жері: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, 509 каб., облыстық әкімдіктің ғимараты.
Жауапты тұлға: Төлегенова Қ.Қ., 8 (714) 2 575 601, Құрманғалиева Қ. Қ. 8 (714) 2 391 678, факс 53 03 10, электрондық поштаның мекенжайы oblmaslihat@kostanayoblmaslihat.gov.kz
Қостанай облыстық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 60.