Жеңілдіктің жаңа кезеңі жария етілді

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен коронавирусты инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында 25 мамырдан бастап карантинді жеңілдетудің жаңа кезеңі енгізілетіні мәлім етілді.5b2c6d7a-ffea-4992-89f8-466480ea1788
Жедел штаб отырысында Жітіқара қаласын қоспағанда, облыс аумағында карантиндік іс-шараларды жеңілдетудің 4-ші кезеңін енгізу туралы шешім қабылданды. Осылайша, қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 4-кезең шеңберінде осы жылдың 25 мамырынан бастап (Жітіқара қаласын қоспағанда) санитарлық-эпидемиологиялық режим күшейтіле отырып, келесі объектілердің жұмысына рұқсат етіледі:a20d88b7-b260-4841-b090-b8f957dfe338
1. Азық-түліктік емес сауда орталықтары мен дүкендер (алаңы 2000 ш.м. астам), сауда-ойын-сауық орталықтары (оларда фуд-корттардың, кинотеатрлардың, ойын-сауық объектілерінің және мәдени-бұқаралық бағдарламалардың жұмыс істеуін қоспағанда);
2. Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (дамыту, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т.б.);
3. Банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, атаулы іс-шаралар, сондай-ақ мектеп бітіру іс-шараларына тыйым салына отырып, 7-00-ден 22-00-ге дейін уақытта үстелдерді бір-бірінен арақашықтығын кемінде 2 метрден орналастырып, келушілер саны 30 адамнан аспайтын қоғамдық тамақтандыру объектілері, оның ішінде жазғы террастар;
4. Массаж салондары;
5. 30 адамға дейін  репитиция өткізуге арналған кітапханалар, мәдениет объектілері;
6. 30 адамға дейінгі топтарға, оның ішінде тренажер залдарына жаттығу өткізетін спорт объектілері;
7. Қонақ үйлер қосымша қызмет көрсетуінсіз (СПА, бассейндер, жаттығу залдары, бильярд, кинозалдар, конференцзалдарды жалға алу).
Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін қызметі тоқтатылған күйінде қалатын нысандар:
– Вокзалдар, автостанциялар;
– Елді мекендер арасындағы жүріп-тұру;
– Тұрғындардың тұрғылықты жерінен сағат 22-00-ден 6-00-ге дейін шығуына тыйым салу;
– Көрмелер, кинотеатрлар, көрермендерге келуге арналған театрлар, ойын алаңдарының барлық түрлері (аулаларды қоспағанда);
– Түнгі клубтар, фитнес, букмекерлік кеңселер, компьютерлік және ойын клубтары, кальян, бильярд, боулинг орталықтары, караоке;
– Санаторийлер, профилакторийлер және демалыс базалары;
– Аквапарктер, бассейндер, тату-салондар;
– Бір мезгілде келушілер саны 20-дан астам болатын моншалар мен сауналар;
– Мектепке дейінгі балалар ұйымдары (кезекші топтардан басқа);
– Діни нысандар.c54e26f9-9d16-48e7-b3f6-29bf042938f1
Сондай-ақ, Ораза Айт мұсылман мерекесі қарсаңында, облыс әкімі тұрғындарына осы мерекені көпшілік қауымсыз, туған-туыстары мен жақындарының ортасында мерекелеуді ұсынды.
Сонымен қатар, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыстағы аурудың жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп жатқандығын және карантиндік шараларды одан әрі жеңілдету туралы шешім эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, кезең-кезеңмен қабылданатынын атап өтті.
Мұның сыртында, карантиндік іс-шараларды жеңілдету шеңберінде, Қостанай облысы бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысынан мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінің 50% қашықтықтан жұмыс істеуін талап ететін тармағы алынып тасталады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Қостанай облысында COVID-19 инфекциясына шалдыққандар саны 112-ге жеткен, оның ішінде 50 адам сауығып, 2 адам көз жұмды.
 
Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓