Талапты бұзғандар жазаланады!
Қостанай қаласында мониторингтік топтың ұйымдастыруымен рейд өткен болатын. Рейдке қалалық әкімдіктің, жергілікті полиция, санитарлық қадағалау қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Рейд мақсаты – талап бұзушыларды әкімшілік жазаға тарту.
Мониторингтік топ рейд барысында облыс орталығындағы «Nero» кальян орнының жұмыс істеп тұрғанын анықтады. Аталмыш нысанда 50-ге жуық адам болған. Мекеменің иесі "ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабы бойынша (мемлекеттік бақылау органдарының талаптарын орындамау немесе тиісінше орындамау) әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Заңды тұлғалар үшін оның көлемі бизнестің ірілігіне байланысты 200 АЕК – тен (555 600 теңге), 400 АЕК-ке (1 111 200 теңге) дейін айыппұл салынуы мүмкін. Рейдтік іс-шаралар жалғасады.