Жұмыс уақыты жаңарды
Электрондық түрде іске асырылған қызметтер, («электрондық үкімет» порталы, салық төлеуші кабинеті, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арқылы) тек электронды түрде көрсетіледі!.
Мемлекеттік кірістер органдарында салық төлеушілер тікелей электрондық түрде іске асырылмаған қағаз қызметтерін ғана ала алады.
Бұл ретте, кезекті алдын ала броньдау болған кезде ғана Мемлекеттік кірістер органына келуге болады:
1) Кезектерді басқарудың электрондық жүйесі бар мемлекеттік кірістер басқармаларында (Қостанай қ., Рудный қ., Лисаков қ., Қостанай ауданы) МКК сайтында http://kgd.gov.kz/ru/services/online-reservation мекен жайы бойынша онлайн броньдау арқылы.
2) басқа мемлекеттік кірістер басқармаларында байланыс -орталықтарының нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы алдын ала брондау бойынша:
Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер органдарына «электрондық үкімет» порталының өтініш беру сервисі арқылы жүгінуге болады.
Мемлекеттік кірістер органдарының жұмыс тәртібі демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін.