Нені білу керек?

Бүгін жедел штабтың коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға арналған кеңесінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өңір тұрғындарына коронавирустық инфекциядан қорғанудың қарапайым ережелерін еске салды.
архимед
Облыс тұрғындарына айтарым, төтенше жағдай аяқталғанмен әлі де карантин режимін қатаң бақылауда ұстауға тура келеді. Қазір жеңілдіктер енгізілуде, бірақ әркім қарапайым мына бес  ережені ұмытпауы керек, – дейді облыс әкімі.
Оның айтуынша, ең алдымен қашықтықты сақтау қажет.
Ол үшін кемінде 2 метр қашықтықта болып, үйден шықпауға немесе адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға тырысыңыз. Тағы бір қарапайым ережелердің бірі – жеке бас гигиенасын сақтап, жуылмаған қолмен мұрын, ауыз, көзді ұстамау. Сонымен қатар, әкім көшеде немесе қоғамдық көліктерде маска киіп жүру керектігін де ескертті.  
-Масканы шешпеу керек. Себебі, кез-келген адам вирус тасымалдаушымен кез-келген жерде кездесіп қалуы әбден мүмкін, – дейді облыс әкімі.
Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов облыс тұрғындарына түшкіру және жөтелу мәдениетін сақтауға да кеңес берді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓