COVID-19: тағы 1 жағдай тіркелді

Қостанай қаласында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1 фактісі анықталды (17.05.2020 жылғы жағдай бойынша). Бұл туралы бүгін ақпараттық жедел штаб хабарлады.
COVID-19 диагнозы Ресей Федерациясынан оралған 1999 жылы туған әйелде расталды. Алынған зертханалық талдаулар коронавирустық инфекцияға оң нәтиже көрсетті. Науқас облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Эпидемиологиялық тексеру барысында карантиндік ауруханада оқшауланған екі жақын тұлға анықталды. Қазіргі уақытта эпидемияға қарсы іс-шаралардың барлық спектрі жүргізілуде. Қосымша байланыста болған тұлғалардың барлығы анықталып, медициналық бақылауға алынатын болады.
17 мамырдағы жағдай бойынша облыста COVID-19 инфекциясымен 79 адам анықталды, 5 адам сауығып, 1 адам көз жұмды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓