Табыс салығы өсе ме?

Жалақысы төмен қазақстандықтар үшін жеке табыс салығының мөлшері азайуы мүмкін. Егер азамат 250 мың теңге жалақы алса, ол 10%-дық салық төлемейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Үкіметке Қазақстандағы жеке табыс салығының үдемелі өлшемін енгізу туралы тапсырма берді. 30_mainҮдемелі өлшемнің мәні мынада: табысы аз адамдар, сәйкесінше азырақ салық төлеулері керек. Ал қазіргі кезде арамыздағы бай деп саналатын адамдар, көбірек салық төлеуі тиіс. Мемлекет басшысы бұл шарт бірқатар елдерде бар екенін алға тартты.
"Мысалы, 250-300 мың көлемінде табыс табатындар 10 пайыздық мөлшерлемедегі салық емес, 7 пайыздық мөлшерлемедегі салық төлей алады. Мұны үкіметтік комиссия шешеді. Орта тап өкілдері бұрынғыдай 10%-дық мөлшерлемедегі салық төлей береді. 10 пайыздық мөлшерлеме бірқатар азаматтарға қатысты дүние. Шартты түрде айтатын болсақ, 300 мың теңгеден екі миллионға дейін табыс табатын 10 пайыздан көп салық төлеулері керек деп ойлаймын. Мүмкін бұл 13 не 15 пайыз болатын шығар, бірақ 15 пайыз мөлшерлемеден аспайды", – дейді қаржы мамандары.  
Қазір Президенттің тапсырмасы бойынша прогрессивті шкала әзірленуде. Мөлшерлемелер ашық талқыланатын болады: Оған қатысу үшін "Атамекен" Ұлттық палатасына, Қаржы министрлігіне жүгіну керек немесе @press_kyzmet_kgd Instagram-да өз ұсынысын жазу керек.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓