Рудныйда Тамыз конференциясы өтті
"Білімді ел – мәңгілік ел" атауымен «Горняк» мәдениет сарайында білім саласының қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз конференциясы өтті.
Қоғамда адам капиталының сапалы өсуiне әсер ететiн маңызды құралдың бірі – білім болып табылады. Сондықтан оны дамытып, әлемдік деңгейге көтеру – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Бүгінде қаламыздың білім саласында айтарлықтай оң өзгерістер байқалады. Оқушылар мен ұстаздардың жетістіктерін айтпағанда, Перцев кентінде су жаңа білім ордасы бой көтеріп, Қашардың №1 орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізілді. Жыл басынан бері білім беру мекемелерін ағымдағы жөндеуіне 10 миллион теңге бағытталса, инженерлік желілерді жаңартудың жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындауға 13 миллион теңге бөлінді. Осы және өзге де жаңалықтарды жіпке тізіп берген қала әкімі Бақытжан Ғаязов ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен де құттықтап, еңбегі еленгендерді облыс әкімінің мақтау қағазымен марапаттады.Елбасы ұсынған бес реформа, бұл – еліміздің қарыштап дамуына серпін беретін маңызды саяси қадам. Соның ішінде, Ұлт көшбасшысы 100 нақты қадамда баса айтқан негізгі айқын мақсат – жастардың үш тілді меңгеруі.