ОҢ ШЕШІМ
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына мәлімдеме жасады.
Президент мәлімдемесінде төтенше жағдай кезінде халыққа көрсетілген көмектер, шағын және орта бизнеске бағытталған мемлекеттік қолдаулар туралы айта келіп, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында шұғыл шаралар қабылданғанын, екі ай ішінде елімізге оңай соқпағанын жеткізді.
Бұл уақыт көптеген азаматтар үшін қиын болды. Кейбіреулерде табыс азайып, кейбіреулер жұмысынан айрылды, енді басқалары өмірлік жоспарларын өзгертуге тура келді. Сондықтан да төтенше жағдай режимін алып тастау өте дұрыс деп ойлаймын. Себебі ел экономикасына маңызды өндіріс орындары, әлеуметтік қызмет көрсету орындары өз жұмысын бірте-бірте қайта жаңартуы тиіс.