Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші ашылды

Ескерткіштің ашылу салтанатына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты, деп хабарлайды Экспресс К.Ескерткіштің авторлары — мүсіншілер Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхаметов. Мүсін композициясы қоладан, тұғыры тұтас күрт гранитінен жасалған ескерткіштің биіктігі — 5 метр.
"Жұртына пайдасы тиетін жұмыстың бәріне Ахаң үлес қосқан. Тіпті бірқатар саланы өзі бастап берген. Ол қазақтың төл әліпбиін жасады, алғашқы әліппемізді құрастырды. Оқулық жазып, тіл білімінің негізін қалады. Сондай-ақ "Қазақ" газетін шығарды. Жұртымыз оны "Ұлт ұстазы" деп ардақтайды. Ахмет Байтұрсынұлы ағартушы-ғалым ретінде бүкіл өркениетті әлемге танымал. Ол халқымыздың тағдыры сынға түскен күрделі кезеңде ерекше ұлтжандылық танытты. Қазаққа қызмет ету жолында бар күш-жігерін жұмсады, — деді Мемлекет басшысы ескерткіштің ашылу рәсімінде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓