Stand Up – қалжың қазаны
14 қазан күні Қостанай өңірлік университетінің Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты қабырғасында Stand-Up шоуы өтті.

Жобаның мақсаты: көрерменді стендап жанры арқылы жақсылыққа, отбасын, жақындарын сүюге баулу және талантты комиктердің дамуына үлес қосу.
Бүгінде Stand Up – әзіл-сықақ шоуының қарқынды дамып келе жатқан бір түрі. Отаны – Ұлыбритания. Бұл жанрдың бастауы 18-19 ғасырларда, музыкалық залдарда көрермендерді музыканттар көңіл көтерген кезден бастау алады. Алайда, өткен ғасырдың ортасынан бастап музыкалық сүйемелдеу дәстүрі ескіріп, орнына әзілкештің жеке орындауы келді.
Қазақстанда бұл жанр осыдан бірнеше жыл бұрын ғана жандана бастады. Қазір елде Stand Up өтетін бірнеше алаңдар салынды. Белсенді даму үстінде. Әр қалада ашық микрофондар өткізілетін мекемелер мен көптеген талантты әртістер бар.
Қостанай қаласында Stand Up шоу қалыптасып, құрамына белсенді студенттер мен кәсіпті мамандарды жинауда.
Әзіл кешінің көрігін төрт жыл бойы қыздырып келе жатқан Артемий Аристов өз пікірін бөлісті.

Дильназ ИЗДЕЛЮЕВА,
журналистика мамандығының 3 курс студенті.