Төлем алушылар тізімі кеңейтілді
ҚР Индустрия және инфақұрылымдық даму министрлігі коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге төлем алатын адамтардың тізімінің кеңейтілгенін жария етті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында осы жылдың 9 мамырында карантин режимі кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді», – деп хабарлайды ведомстводан.
Мәліметке сай, белгілі бір санаттағы адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді өтеу бойынша нормалар енгізілген. Атап айтқанда: 1, 2, 3 топ мүгедектері; ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; көп балалы отбасылар; ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғызбасты зейнеткерлер; мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар осы жеңілдікке ие бола алады.