СOVID-19: бүгінгі мәлімет
7.05.2020 жылғы сағат 12.30-дегі жағдай бойынша Қостанай қаласында коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 1 дерегі тіркелді. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның Штабы хабарлады.
"СOVID-19 2002 жылы туған Ресей Федерациясынан келген студенттен анықталды. Пациент Қостанай облыстық ауруханасының инфекциялық бөліміне ауыстырылды. Автобуста онымен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Қазіргі уақытта науқас бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда", делінген Штаб ақпаратында.
Естеріңізге сала кетейік, 5 мамыр күні 17 студент «Қайрақ» шекара бекеті арқылы елге оралған еді. Бұлар коронавирустық инфекцияға талдау алынғанға дейін Тобыл қаласының карантиндік стационарына жатқызылды. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
Бүгінде Қостанай облысында СOVID-19 вирусын жұқтырған 59 адам тіркеуге алынды.