Талдау мен қолдау

«Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық филиалының ұйымдастыруымен  Елбасы, ҚР Тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың  «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының  маңызды бағыттарын студенттермен кең көлемді талқылау өтті. Ұлтымыздың рухани мұрасы мен мәдениетін жаңаша бағамдауға, заман талабына сай өркендей түсуіне жол ашатын ауқымды жобаны іске асыру бағытында келелі әңгіме қозғалды. Жиынға Арқалық қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сабыржан Тасмағанбет, Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның директоры Ақтоты Қисықова, зиялы қауым өкілдері, шағын шаһардың белсенді азаматтары мен жастары қатысты.
– Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» атты терең мазмұнды, тағылымы мол мақаласын жариялап, қалың жұрт¬шылықты бір серпілтіп тастағандығы рас. Тарихымыздың жеті қырын атай отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өткенімізді тарих тұғырынан бағамдап, терең зерделеуге үндеп отыр. Біздегі мақсат – мақаладағы басым бағыттарды, негізгі идеясын насихаттау,- дейді «Nur Otan»  Арқалық қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Сабыржан Тасмағанбет. 
Оның сөзінше, заманауи Қазақстан мен түркітілдес мемлекеттер және байырғы ұлы дала хандықтары арасындағы ажырамас ішкі байланыс бар.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи сана-сезімді жаңғырту идеясын негіздеген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – тарих тағылымындағы ұлт тарихын зерделеудің маңызды бағыты  болып қалатындығын айтып өтті.
Бұдан кейін сөз алған Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның директоры Ақтоты Қисықова аталған мақаланың төл руханиятымызды дамытуға ерекше серпін берген «Рухани жаңғыру» кешенді бағдарламасының жалғасы екенін, жаңа идеялар арқылы ел болашағын баянды ете түсудің шешуші сәті екенін айтып өтті.
1
«Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы дер кезінде жазылған дүние. Өйткені өз тарихымызды әлем өркениеті тұрғысынан қарап зерделеу қажет. Мықты далалық өркениетіміздің бар екенін әлемге танытқанымыз жөн. Мақаланың әр бөлімі өткенді сараптай отырып, бүгінмен ұштастыра, ойластыра айтылған. Қазақ жұртының тарихи түп-тамыры өте тереңде жатыр. Оны жүйелендіріп, толымды түсініміз қажет» ,- дейді  Ақтоты Қисықова.
Елбасы  бұл мақаласында  ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайына кеңінен тоқталған. Әсіресе жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындату керектігі жазылған. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұланғайыр Еуразия құрлығындағы саяси жəне экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.
«Тарихын білмеген елдің болашағы да бұлыңғыр болады. Оны кейінгі ұрпақ арасында насихаттап, бойына ұлтжандылық қасиетту сіңіру, бүгінгі күннің басты мақсаты», –  дейді «Nur Otan»  Арқалық қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Сабыржан Тасмағанбет.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓