Ұрылар дер кезінде құрықталды
Жанкелдин аудандық соты топтасып мал ұрлап, оңай олжа таппақ болғандарға қатысты сот үкімін шығарды.
Іс материалдары бойынша, 2014 жылдың 12 желтоқсанында түнгі сағат 02.00. шамасында Жанкелдин ауданының Індіқыр қонысында бес жігіт бірігіп, “Уаз” автокөлігімен өзгенің малын ұрламаққа аттанған. Өздерімен бірге екі дана 16 калибрлі мылтық алған олар жайылымда жүрген екі жылқыны атып салған. Осылайша, сотталушылар жәбірленушілерге 700 000 теңге шығын келтірген.
Сот үкімімен айыпталушылар кәнілі деп танылып, барлығы 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімде бас бостандықтарын шектеу түріндегі жазаға тартылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қарлығаш Оспанова