Төрт көшенің атауы ана тілімізде аталды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Сарыкөл ауданы орталығындағы төрт көше атауының өзгеруі – сарыкөлдіктер үшін сүбелі сый болды.
Жалпы, өңірде бұл туралы ұсыныс былтыр аудан тұрғындары тарапынан түскен. Содан бері билік өкілдері біраз жұмыстар тыңдырды.IMG_2231-Осыдан тура бір жыл бұрын сарыкөлдіктер көнерген көше аттарын өзгерту туралы өз ұсыныстарын білдірді. Көпшілікпен көптеген кездесу өткізіп, олардың ақыл-кеңестерін алдық. Осыған сай орталықта орналасқан төрт бірдей көшенің атауын өзгерттік. Көше атаулары ҚР «Тіл» туралы Заңының нормаларына сәйкес біркелкі қәріппен жазылған, тақтайшалары көгілдір түсті. Бұл үйлерге тегін таратылып және арнайы журналда тіркеледі, – дейді Сарыкөл кентінің әкімі Сейітбек Қаппасов.Сейітбек ҚаппасовСондай-ақ, Сейітбек Сейітжанұлы жоғарыдағы жұмыстардың ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы, ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңдарына сай және сарыкөлдіктердің пікірлерін ескере отырып орындалғанын айырықша атап өтті.
Туған жері мен тарихына, ата-жұртына немқұрайлы қарамайтын әр азамат көше аттары туралы өз ұсыныстарын көптеп білдірсе керек. Айталық, Айтбай батырдың ұрпақтары көше атына аталарының есімін беруді сұрап, билік тарапына бірнеше рет жүгінген.IMG_3314-Ауданда көшелердің көбісі орысша аталады. Кейбіреуінің мағыналары түсініксіз. Енді, міне төрт көшеміздің атауы қазақшаланып, төбеміз көкке екі елі жетпей қалды. Әсіресе, қос көшеге тарихи тұлғалардың есімі берілді. Оның бірі – Айтбай батыр бабамызға бұйырды. Тарихқа көз жүгіртсек, Сарыкөл жерін мекендейтін Қанжығалы руынан шыққан Айтбай батыр қазақтың елі-жері үшін шайқасқан. Қазақ-жоңғар соғысының қаһарманы. Ол Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген, ал батырдың дулығасы облыстық өлкетану мұражайында сақталған, – дейді аудан ақсақалы, баба ұрпағы Арғынғазы Шәріпов.Арғынғазы ШәріповТоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Ленин көшесінің Тәуелсіздік деп түрленуі, ал «Куйбышевтің» «Астанаға» айналуы егемендіктің мүшел тойы тұсында еңсені тіктетер оқиға болды. Сондай-ақ, 50 лет Октября-Тәтіқара жырау, Юбилейная-Айтбай батыр көшесі болып өзгертілуі көптің көңілін көл етті. Себебі, ескі есімдерді төл тілімізде атап, егемендіктің нышанын білдіретін және тарихи тұлғалардың аттарымен алмастырудың өзі – тарихи оқиғамен тең.IMG_3322
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓