Аула тазалығына жауапты
Қостанай қаласында күн сайын аулаларды дезинфекциялау іс-шараларына 50 әскери қызметші және 27 бірлік техника жұмылдырылған.
Әскерилер көбіне балалар алаңдарынан бастап, кіреберісіне дейін өңдейді. Қала әкімдігінің мәліметінше, кіреберістердің өзін зарарсыздандырумен ПИК айналысуы тиіс. Әскери қызметшілер 10 адамнан 5 топқа бөлініп жұмыс істейді. Күніне 1 бригада 7-8 ауланы өңдеп үлгереді. Олардың әрқайсысы қорғаныш костюммен, көзілдірікпен, маскамен, қолғаптармен және аспалы бүріккішпен жабдықталған. 1 адамды жабдықтау үшін 22 450 теңге қажет.
Жұмысшылар бір күнде 6 текше метрден астам су және 600 таблетка деохлор жұмсайды. Күніне 24 шаршы метр алаң дезинфекцияланады.
Аулаларды зарарсыздандыру үшін 109 нөміріне өтінім қалдыруға болады.