Қостанай алдағы қысқа дайын

Қалада жылу энергетика орталығынан бөлек екі үлкен қазандық пен 9 кіші қазандық болса, олардағы белгіленген күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Облыс орталығындағы жылу құбырларының ұзындығы 238 мың метрді құрайды. Биыл соның 10%-дан астамы жаңарған. Қазір құбырлар толық тексеріліп, ақау білінген жерлер жөнделуде. отопительный сезонЖоспарға сәйкес, 29 қыркүйекте барлық жұмыстар аяқталады. Қаладағы жылыту мекемелері газ тұтынатын болғандықтан, отын жөнінен мәселе жоқ. Айта кету керек, Қостанайда өткен жылу маусымында көлденең апат тіркелмеген. Қостанай жылуэнергетика компаниясы бас инженерінің орынбасары Дәуіт Ибраевтың айтуынша, барлық мекемелер жылу маусымына дайын.otopitel-ny-j-sezon
-Құбырларды жөндеу жұмыстары да аяқталуға тәмам. Газ бойынша келісім-шартты бекіттік. Сондықтан көгілдір отын жөнінен ешқандай кедергі жоқ. Сақтық қорына 4700 тонна мазут қажет болса, соның 1937 тоннасы қолымызда. Қалғанын сатып алу мәселесі шешіліп жатыр, – деді Дәуіт Ибраев.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓