Қос майдангердің ұрпағымын
Қанды соғыс аяқталғанына қаншама жылдар өтсе де, сол сұрапыл жылдары қу жанын шүберекке түйіп, бейбітшілік үшін күрескен ерлердің ерлігі ұмытылмайды. Осы орайда Ұлы Жеңістің 75 жыл қарсаңында майдангер аталарымның ерлігі туралы ой толғамақпын.
Тарқатып айтсам, Әнуарбек Ғайсин 1970 жылы 16 март күні Бүйректал совхозы №2 бөлімшесінің басқарушысы Әнуарбек Ғайсин 1910 жылы Орынбор губерниясы, Торғай уезі, Науырзым болысының (қазіргі Науырзым ауданы) №3 ауылында кедей семьясында туған. Ауылдық мектепте оқып, білім алған. Ал 1936 жылы ол өз білімін көтеру мақсатында Федоров селосындағы екі жылдық зоотехникалық мал дәрігерлік мектепке оқуға түседі . Зоотехникалық мамандығын игерген Ә.Гайсин Октябрь ауыл Советіне қарасты №13 зоотехникалық мал дәрігерлік пунктте өз мамандығы бойынша қызмет атқарады. Ел басында күнр туған шақта, яғни, 1942 жылы Әнуарбек Ғайсин Совет Армиясы қатарына алынып, Ұлы Отандық соғыс аяқталғанша Отанымызды неміс басқыншылдарынан азат етуге ат салысты. 1945 жылы елге оралысымен өз мамандығы бойынша қайтадан жұмысқа кірісті. Бірнеше жылдар бойы Науырзымдағы зоотехникалық мал дәрігерлік бөлімшені басқарды. Ал, 1952 жылы Жамбыл атындағы колхоздың басқарма председателі болып сайланды. Бұдан кейін Петропавловск қаласынан бір жылдық ауыл шаруашылығы мектебін бітіріп, Қайғы МТС-ында Ворошилов атындағы колхозда зоотехник болып істеді. 1960 жылдан бері Әнуарбек Ғайсин Бүйректал совхозының №2 бөлімшесінде зоотехник, кейін бөлімше басқарушысы болып істеп келді. 1958 жылдан КПСС мүшесі. Партия ұйымдары оны қай жұмысқа жіберсе де ол өзінің талапты ұйымдастырғыш, қабілеті мол іскер екендігін көрсетті. Ол коллективте беделді адал коммунист еді. Алайда мейірімсіз ажал абзал жанды ортамыздан алып кетті. Ал, Гайсин Мейрамбек Суйлеменович 1924 жылы Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Буйректал ауылында дүниеге келген, осы жерде 1941 жылы еңбек жолын бастаған. 1942 жылдан 1951 жылға дейін Совет армиясында қызмет етті, Будапешт қаласы мен Балатон көлінің жанындағы шайқастарға қатысты, 3 Украина майданы құрамында болды. Жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындағаны үшін төрт медальмен марапатталған. 1955 жылы Клочков атындағы совхоздың партия ұйымының хатшысы болып сайланды, аталған жерде 1957 жылға дейін жұмыс істейді. 1961-1970 жылдары Краснооктябрь совхозының директоры болып жұмыс істейді. 1970-1975 жылдар аралығында ол Островский кеңшарының директоры болып жұмыс істеді. Партия жіберген барлық бағыттарда ол өзін білікті және табанды басшы ретінде көрсетті. Өнімді ұлғайту және астықты сапалы сақтаған үшін екі мәрте Құрмет белгісімен марапатталған. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері атағына ие болған. 1975 жылы 23 сәуірде 52 жасында ауыр науқастан кейін өмірден озды. Иә, бұл кісілердің ерен ерлігі менің жадымда ұзақ сақталады. Мен олардың ұрпағы екенімді мақтан етемін.
Жанар САГИМБАЕВА
Рудный қаласы