“Қазпошта” көлігі аударылды

ІІД баспасөз қызметі растағандай, жол апаты күні кеше Қостанайдан шыға берісте шамамен сағат 8.00-де болған. казпошта
ВАЗ-2114 маркалы автокөлігі Қарабалықтан облыс орталығына келе жатқан. Алдын ала болжам бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, қарсы беттегі "Қазпоштаның" ГАЗель көлігіне соғылған. ЖКО Қостанай ауданы аумағында болды.
ВАЗ соңынан «Ауди-А8» көлігі келе жатқан. Салдарынан үш автокөлік соқтығысты. Абырой болғанда, адам шығыны болған жоқ және ешкім ауыр жарақат алған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 
Естеріңізге салайық, екі апта бұрын да "Қостанай-Мамлютка" тас жолының 105 шақырымында "Қазпошта" көлігінің қатысуымен апат болған еді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓