Президент: “Келер ұрпақ бізді кешірмейді”

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын ұлттық құндылықтарды қорғауға, соның ішінде тіл мәселесіне бейжай қарамауға шақырды. Бұл туралы ел президенті Егемен Қазақстан басылымына берген сұқбатында айтты.photo_287277"Әлемде түрлі үрдістер қалыптасуда. Бірақ соның бәрі бірдей ұлттық мүддеге сай келе бермейді. Негізгі қауіп-қатерлер алда. Сондықтан қырағылық сақтай отырып, қиындықтарды еңсеруге әрдайым дайын болуымыз керек. Жаңа сын-сынаққа төтеп беру үшін, ең алдымен, ұлттық құндылықтарды қорғай білген жөн. Ана тілімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық сана-сезімді, қоғамдағы татулық пен келісімді, береке-бірлікті сақтай алмасақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді. Әсіресе мемлекеттік тілдің мәселесі өте маңызды. Тіл – ұлттың тұғыры, ұрпақтың ғұмыры. Қазақ тілі қазақты әлемге таныта алады. Халықтың тілі – халықтың төлқұжаты. Мұны әрдайым есте ұстау керек. Біле білсек, ұлттық қауіпсіздік тілімізді қадірлеуден басталады", – деді ол. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓