Акция жалғасын тапты

Қостанай облысында #BizBirgemiz акциясы аясында көрсетілетін материалдық көмектің екінші толқыны басталды. Коронавирус індетіне байланысты Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету мақсатында бірқатар кешенді шаралар қабылданған болатын. Елбасының тікелей тапсырысымен төтенше жағдай кезінде халықтың әлсіз топтарын қолдауға бағытталған «BizBirgemiz!Nur Otan» науқаны бастау алды. Аталмыш  акция аясында республика бойынша мұқтаж азаматтарға азық-түлік себеттерімен және антисептикалық заттармен көмек көрсетілді.
birgemiz-50000-tengge-750x486
Сонымен бірге, коронавируспен күрес кезінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау мақсатында Елбасының бастамасымен «Birgemiz» қоры құрылды. Қордан республиканың 23 қаласындағы карантин салдарынан енгізілген төтенше жағдай уақытында аса жапа шеккен мұқтаж жандарға 50 мың теңгеден аударылды. Қостанай облысында бұл –  Қостанай және Рудный қаласындағы 5681 тұрғынға берілді. 27 сәуірде материалдық көмектің екінші толқыны басталып, Рудный және Қостанай қаласында барлығы 9564 мұқтаж жандарға көмек көрсетілді. Жергілікті әкімдіктер дайындаған тізімге аз қамтылған көп балалы отбасылар, ҰОС қатысушылары, 1 топтағы мүгедектер, тыл еңбеккерлері,  тұл жетімдер, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар кірді. 
Айта кету керек,  #BizBirgemiz#NurOtan акциясы аясындағы жұмыстар әлі де жалғасуда.

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓