Өнеркәсіп өрістеу үшін…

Бүгін Қостанай қаласында облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің және өңірдің бизнес-қоғамдастығының қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті. Бұған Нұр-Сұлтан қаласынан министрліктер мен ұлттық компаниялардың өкілдері арнайы шақыртылған.IMG_0720
 
IMG_0707Мақсат – өңір экономикасын ілгерілету, инвестиция тарту, өнеркәсіпті, шағын және орта бизнесті дамыту мүмкіндіктерін талдап, импорттық әлеуетті әлдендіру жолдарын қарастыру, салаға қатысты өзекті мәселелерді талқылау. Мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдауға барынша ден қойғанын назарға ала отырып, оның артықшылықтары мен шарттарын түсіндіру.
"Бәріңіз білетіндей, былтыр Қостанайда екінші инвестфорум өткен болатын. Ол биыл да, үшінші рет күз кезінде ұйымдастырылады. Ал бүгінгі отырысты шағын форум деп айтуға болады, – деп бастады шараны облыс әкімі А.Мұхамбетов. – Өткен айда облысымызға іссапармен ҚР Президенті Қ.Тоқаев келіп кетті. Сапар нәтижесі бойынша, өңірдің бизнес-қауымдастығымен кездесіп, олардың жұмысына оң бағасын берді. Облыс экономикасын дамыту мақсатында алға қойылған жоспарлар, атқарар жұмыстар көп. Мәселен, биыл шағын және орта бизнестің облысаралық үлесін 28,2%-ке жеткізуіміз керек. Олы былтыр 25% болған. Яғни, елбасы тапсырмасы бойынша, жыл сайын 3%-ке арттырып отыруымыз қажет. Өзге де кезек күттірмейтін қыруар жобаны назарға алып отырмыз…"IMG_0735
IMG_0711Мұнан соң өңірдің жалпы экономикалық ахуалымен облыс әкімінің орынбасары Ерлан Қойшыбаев таныстырды. Баяндауынша, Қостанай астық өндіру жөнінен елде 1-орында тұр. Жылдық өндіріс 1 млн тоннаға жеткен. Бұл өңірдегі жалпы өндірістің 60%-не тең. Биыл тау-кен өндірісінің өсімі 40%-ке жетіп, табыс 329 млрд теңгеге шақ болған. Машина құрылысындағы жетістік те жария етілді. Құрылғалы бері 47 мың көлік нарыққа шықса, соның 5300-і осы жылға тиесілі екен. Облыстың портфелінде 40 инвестициялық жоба бар. Жалпы құны – 2,2 трлн теңге. Әзірге, 300 млрд теңгенің 13 жобасы пысықталу барысында. Бұдан бөлек, Қазақстан экспортындағы Тобыл-Торғай үлесі 22%-ке жеткен.IMG_0690
 
IMG_0697Облыс әкімі өңір кәсіпкерлерінің белсенділік танытуы керек тұстардың әлі көп екенін айтты. Әсіресе, Инвестициялық комитеттер, ұлттық компаниялар ұсынған преференцияларды, артықшылықтарды қолдануға бейімделу керек. Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының маманы Әлішер Әбдіқадіров инновациялық гранттар, шығынның орнын толтыру, салықтық жеңілдіктер секілді бизнесті қолдау шаралары туралы кең көлемде мәлімет берді. Ал "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілі Дәулет Әбілқайыров Қостанай облысына құйылған қолдау қаржыларын шотқа салды. Айтуынша, осы жылдың 1 наурызындағы есеп бойынша, Қостанай облысында 1957 жобаға 148 млрд теңге қарастырылған. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 6 жобаға 2 млрд теңге, "БЖК-2020" бағдарламасы бойынша 350 жобаға 14 млрд теңге аударылыпты. Кеңестің тағы бір құрметті қонағы – KAZAKHEXPORT ұлттық компаниясының мүшесі Руслан Ысқақов экспортты қолдау мүмкіндіктерінен мағлұмат берді. Ел бойынша 80-нен астам кәсіпорын бұл компаниямен әріптес болса, соның бір парасы біздің облыстан екен. Атап айтқанда, "Баян-Сұлу", "Арасан", "СарыарқаАвтопром", "Терра" сынды бірнеше ірі өнеркәсіптердің шетелмен экономикалық алыс-беріс, барыс-келіс қатынастардағы қамқор қызметтесіне айналған. Компания өзге де қостанайлық бизнес өкілдерін әріптес болуға шақырды.IMG_0758Жиын соңында облыс әкімі А.Бегежанұлы өңірдің бизнес-қауымдастығының министрліктермен, ұлттық компаниялармен қанаттас болып атқаруы тиіс бірнеше міндетті айқындап, нақтылы тапсырмалар берді. 
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓