Маршруттың бағыты өзгерді
26 қыркүйектен бастап Қостанайдағы қалаішілік №25 маршруттың жүру бағыты өзгерді. Қоғамдық көлік сызбасына өзгеріс енгізілгендігін Қостанай қаласы әкімінің баспасөз-хатшысы Самат Жанділдин хабарлады.
Қала тұрғындарының өтініш-пікірлеріне байланысты қоғамдық көліктің сызбасына бірқатар өзгерістер еніп отыр. Яғни, 26 қыркүйектен бастап №25 маршрут Наурыз шағынауданына да барады. Сондай-ақ 5,6,7,8,9, шағынаудандарынан бастап Абай даңғылы арқылы орталыққа және Қайырбеков көшесінің соңғы аялдамасына дейін жүреді. Маршрутта 18 автобус қызмет көрсететін болады. Автобус қозғалысының уақыт аралығы 6-8 минут.
Қымбат Досжанова