«Hyundai» көлігі Қостанайда құрастырыла бастады

Еліміздің «Астана Моторс» компаниясының мұрындық болуымен «Hyundai» маркілі жеңіл автокөлік құрастырыла бастады.
IMG_7432сайтка
Корейлік автокөліктер Қостанайдағы «Сарыарқа Автопром» зауытында жасалуда, деп хабарлады республикалық БАҚ өкілдері. 
«Hyundai» көлігі қазақстандық сатып алушылардың ішінде үлкен сұранысқа ие.  Өткен жылы 12,4 мың көлік сатылған. Ал 2014 жылы 17 мың «Hyundai «көлігінің өткізу жоспарланып отыр. Отандық көлікті құрастыру отандастарымызды тек жұмыспен қамтамасыз етіп қана қоймай, атақты «Hyundai i30», «Elantra» және «Tucson» көліктерінің 10-15%-ға төмен бағада сатып алу мүмкіндік беретін болады. Сатылымға олар шілде айының соңында шығарылады», – делінген баспасөз хабарламада.
Бір жылдың ішінде 6 мың көлікті құрастыру жоспарланған.

Шұға Қоңқабай
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓