Жеңіс тұғырынан көрінді
Таяуда Қарағанды қаласында бокстан жастар арасында ел біріншілігі мәресіне жетті. 200-ге жуық саңлақ жұдырықтасқан додада ауданымыздың атынан Станислав Калицкий және Дмитрий Ахцигер қатысып, қос медальді еншілеп қайтты. Бұл шеберлер облыс құрамына қабылданғалы бері тамаша жетістіктерге жетіп, бапкерлерінің үмітін ақтап келеді.