Талдықорған қаласында «Жұматай – жыр қағаны» атты республикалық жыр мүшәйрасынан, «Қостанай таңы» газетінің Веб-редакторы Мешіт Ғазизұлы жүлделі оралды.
Айтулы жыр додасында Атырау мен Алтайдан, Алатау мен Арқадан келген 20 ақын бақ сынасты. Әрбір өңірден үкілеп қосқан кіл жүйріктер бақтарын сынаған бәйгеде жерлесіміз Алматы облысы әкімінің арнайы сыйлығын иеленді.