Жерлесіміз – ғылым докторы

Сүйінші хабар! Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институттың "Химия, биология және география" кафедрасының аға оқытушысы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану кафедрасының Биология факультетінің бітіруші докторанты Ж. Әбдірасылова "6D011300 – Биология" мамандығын дайындау бойынша "Биолог мамандарын дайындауда қоймадағы астықтарды зақымдайтын саңырауқұлақ түрлерінің биоэкологиялық ерекшеліктерін зарттеу нәтижелерін оқу үдерісінде пайдалану" тақырыбында PhD – (философия докторы) докторлық диссертациясын сәтті қорғады.Ж. Түбекбайқызы
Әубәкірова Жанна Түбекбайқызы 1986 жылы 1-қаңтарда Жангелдин ауданының Көкалат ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Торғайдағы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепті бітірген. 2003-2007 жылдары Қостанай мемлекеттік педагогикалық институын ("Биология және химия" мамандығы бойынша), 2009 – 2011 жылдар аралығында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін ("Биология" мамандығы бойынша) бітірген. Отбасылы. 1 баланың анасы.ЖаннаЖас ғалымның Американың Халықаралық базасына тіркелген 10 авторлық куәліктері бар. «Scopus» базасына кіретін журналдарда мақалалары жарияланған. Барлығы 40 – қа тарта ғылыми еңбектің авторы.
Отандық ғылыми кеңесшілері: б.ғ.д., профессор Ж. Қожантаева, профессор: Ж. Шілдебаев, шетелдік ғылыми кеңесшісі, профессор: AbiqaiI Newsome.IMG-20160411-WA0000ЖаҺанды жаңалықтарымен таңдантқан жерлесімізді ғылым жолындағы тамаша жетістігімен құттықтаймыз!
 
 
Мұрат Жүнісұлы.
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓